БілімҒылымЖастар саясатыҚоғамОблысӨзекті

Жеңімпаздармен жүздесті

 Тараз қаласындағы «Достық үйінде» Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының ұйымдастыруымен Жамбыл облысы әкімінің міндетін атқарушы Бекболат Орынбеков халықаралық, республикалық олимпиадалар мен ғылыми жарыстардың жеңімпаздарымен кездесу өткізді,– деп хабарлайды “Aulieatanews” Ақпараттық Агенттігі.

Шараға  94 дарынды оқушы мен қонақтар және мектеп басшылары қатысты.

Аяқталған оқу жылында облыс бойынша халықаралық,республикалық пән олимпиадалары мен ғылыми жарыстарға қатысқан 245 оқушының 130-ы жеңімпаз атанған. Оның ішінде республикалық ғылыми жобалар, «Зерде» жарыстары, Қ.Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәні олимпиадаларының жүлдегерлері бар Таяуда өткен  ғылыми жобалар жарысының қорытындысы бойынша облыс командасы «Ең үздік команда» аталымына ие болып, жерлестерінің мерейін тасытты.

Жиында сөз алған Бекболат Серікбекұлы: «Білімді жастар – ел тірегі. Елімізді егемендігін алып, азаттыққа қол жеткізгелі бері жастар мәселесі назардан тыс қалған емес. Елбасымызда жас буынға зор сенім білдіріп, биылғы жылды «Жастар жылы» деп жариялады. Бұл мемлекеттің жастарға үлкен үміт артып, оларға қолдау көрсеткенінің жарқын нышаны. «Жастар жылы» аясында да бірқатар жобалар қолға алынып, көпшілік назарына ұсынылды. Отанымыздың гүлденуі, дамудың даңғыл жолына түсуі сіздер секілді жастардың қолында. Тәуелсіздік тұғырының берік болуы да өскелең ұрпақтың білімі мен қажыр-қайратына байланысты. Өздеріңіздей дарынды жастар тұрғанда мемлекетіміздің іргесі берік, керегесі кең боларына кәміл сенемін. Сіздердің жастарыңызда  осындай үлкен марапатқа ие болу зор қуаныш. Алдағы уақытта да білімнің биік шыңынан көрінулеріңізге тілектеспін» деп,  ақжарма лебізін жеткізді. Ізгі тілектен кейін Бекболат Орынбеков дарынды оқушылар мен олардың ұстаздарын марапаттап, қомақты қаржылай сыйлықтарды табыс етті. Сондай-ақ, Бекболат Серікбекұлы ғылыми жоба жарыстарының жүлдегерлерінің жұмыстары мен өнертабыстарынан жасақталған көрмені аралады. Ондағы туындылармен танысып, өз ризашылығын білдірді.

Кездесу барысында Бекболат Серікбекұлы жасөспірімдермен емен-жарқын әңгімелесіп, олардың ой-пікірлеріне құлақ түрді.

Көбірек көрсету

Өзгеде жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Close